Жаңалықтар
Алматыда жастар арасындағы 40 қылмыстың 38-ін өзге өңірден келгендер жасаған

Алматыда жастар арасындағы 40 қылмыстың 38-ін өзге өңірден келгендер жасаған

Алматыда жастар арасындағы 40 қылмыстың 38-ін өзге өңірден келгендер жасаған

Алматыда жастар арасындағы 40 қылмыстың 38-ін өзге өңірден келгендер жасаған

Алматыда жыл басынан бері жасөспірімдер арасындағы қылмыс 21,7% төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жасөспірімдер арасында жасалған 40 қылмыс тіркелсе, оның 38-ін басқа қалалардан келген жасөспірімдер жасаған. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров мәлім етті.

«Талдау көрсеткендей, 40 қылмыстың 38-ін басқа қалалардан келген жасөспірімдер жасаған. Атап айтқанда, Алматы облысы – 22, Жамбыл облысы – 9, Қостанай облысы – 3, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Түркістан облысы – 2, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары – 1. Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстардың ең көп бөлігі – мүліктік құқық бұзушылықтар. Бұл – ұрлық, тонау және бөтен көліктерді айдап әкету», – деді ол.

Сондай-ақ, Алматыда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша 12 жедел-профилактикалық шара өткізілді.

«Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 9 596 адам жеткізілді. Оның ішінде 9 348-і әкімшілік құқық бұзушылық үшін. 470 жасөспірім, сондай-ақ 429 тұрмысы нашар отбасы анықталып, есепке алынды. Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына 463 бала орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйлерден тыс жерде жүргені үшін 5 005 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп атап өтті Манап Саттаров.

02.11.2021

Возврат к списку