Жастар – Алматының басты капиталы

Жастар – Алматының басты капиталы

Молодежный форум Jastar Alany прошел в Алматы

Жастар – Алматының басты капиталы

Жастар – Алматының басты капиталы. Сондықтан мегаполисте олардың білім алуына, ғылым мен шығармашылықпен айналысуына барынша жағдай жасалады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Jastar Alany жастар форумында осылай деді. Іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.

Алматылық жастар қаланың қоғамдық өміріне белсене араласады. Шаһарда қайырымдылық пен салауатты өмір салтын, шығармашылықты және IT технологияны насихаттайтын ондаған ұйым бар. Соның бірқатары форумда жаңа жобаларын таныстырды. Ал форум қонақтарының бірқатары, атап айтсақ «Масс-медиа» жобасының авторы Алмас Сағынұлы, актриса Альмира Тұрсын мен Құралай Анарбекова, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевтар табысқа жетудің сырымен бөлісіп, жастарды ел дамуына үлес қосуға шақырды.

Бағдат Анарбаева, форумға қатысушы:

– Келесі онжылдықта біз жастарымыздың дамуын қалай көреміз. Сондықтан осы форумға жетістікке жеткен жастарды, Тәулсіздігіміздің қатарлас жастарын шақырып бірге осы пікір алмасу алаңын құрып жатырмыз.

Алматы – жастар қаласы. Мұнда 37 жоғары оқу орны мен 80 колледжде 240 мыңнан астам студент оқиды. Мегаполисте жетекші университтердің қатары жыл санап көбейіп келеді. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жастарды ғылым мен технологияны меңгеруге шақырды. 

Бақытжан Сағынтаев, қала әкімі:

– Үлкен мегаполис әрдайым адамдарды өзіне тартады. Біз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы гранттық қаржыландыруды бастаймыз. Одан өзге де инновациялық жобаларды қаржыландыратын бағдарлама бар.  Иә, сізде кепілге қоятын мүлік жоқ. Сондықтан біз одан бір өнім шығаруды талап етеміз.  Ол сол арқылы өзінің де, қаланың да абыройын асырады.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Жыл сайын  «Алматы жастары»  бағдарламасы аясында 1 мыңға жуық отбасы пәтер алады.

02.11.2021

Возврат к списку