Жаңалықтар
5 жыл бойы шәкіртақысын үзбей жинаған студент Алматыдан үй алды

5 жыл бойы шәкіртақысын үзбей жинаған студент Алматыдан үй алды

5 жыл бойы шәкіртақысын үзбей жинаған студент Алматыдан үй алды

5 жыл бойы шәкіртақысын үзбей жинаған студент Алматыдан үй алды

23 жастағы Дана Маратова 5 жыл бойы шәкіртақысын, қосымша тапқан ақшаларын жинап, жақында ғана Алматыдан үй алды. Ол Қамшы сайтына берген сұхбатында баспана алу кезіндегі кездескен қиындықтар мен қаржы жинаудағы өзінің лайфкахтары туралы айтып берді.

Дана 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетіне оқуға түседі. Сол кезден бастап-ақ Алматыдан үй алу арманы, артынша мақсатына айналған.

«Бірінші курс оқып бітірген 2016 жылы депозит аштым. Алғашқыда шәкіртақымның жартысын – 8500 теңгені ай сайын салып жүрдім. Бірақ ол кезде үй алудың талаптары біраз қолжетімді емес еді. Мысалы, 2 жыл Алматы қаласында тіркеуде тұруың керек, тіркеу жоқ болса, үй құнының 50 пайызын жинау қажет деген талаптар болатын. Бірақ соған қарамастан ақша жинауды жалғастыра бердім. Бакалавриатты тәмамдап, магистратураға түстім, соның арасында тынбай жұмыс істедім», – деген ол уақыт өте Алматыда баспана алуға қолжетімді бағдарламалар шыға бастағанын, ол тұста депозиттегі қаражат алғашқы жарнаға жарайтындай сомаға жетіп қалғанын айтады.

01.11.2021

Возврат к списку