Ел жастары Президентке сене ме

Ел жастары Президентке сене ме

Ел жастары Президентке сене ме

Ел жастары Президентке сене ме

Қазақстан жастары ел Президентіне сене ме? Бұл сұрақтың жауабы жастар арасында жүргізілген зерттеу қорытындысымен белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер жастардың саяси институтқа сенімі туралы айтар болсақ, ел Президенті бірінші орында тұр. Респонденттердің 48 пайызы Президентке сенетіндігін жеткізді. Екінші орынға волонтерлік ұйымдарды қойып отыр. Сонымен қатар жастардың 71 пайызы мемлекет халыққа қолдау көрсету керек деген ойымен бөлісті», - деді «Қазақстан жастары: құндылықтарды, болжамдарды, талпыныстарды бағалау» атты зерттеу жобасы авторларының бірі Дина Шәріпова.

Сондай-ақ, жоба авторы жастардың пікірінше мемлекет қандай функцияларды орындау керектігін айтып берді.

«Мемлекет бай мен кедей арасындағы алшақтықты азайту керек. Олардың айтуынша, мемлекет бұл сұраққа келгенде ерекше белсенділік танытуы тиіс. Сол секілді жастар ел Үкіметіне жеке бас бостандығы мәселесіне аса назар аудару керектігін алға тартты. Мұны қатысушылардың 89 пайызы атап өтті. Одан бөлек, респонденттердің 88 пайызы мемлекеттің жастарға деген саясатын оңалту керектігін жеткізді», - дейді ол.

Бұған дейін ел жастарының шетелге кетуінің негізгі себебі айтылды.

Айта кетейік, бүгін елордада 14 пен 29 жас аралығындағы қазақстандық жастар арасында жүргізілген зерттеу қорытындыланды. Жобаны «BISAM Central Asia» орталығы жүзеге асырды.

01.11.2021

Возврат к списку