Жаңалықтар
«Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» атты облыстық жастар форумы өтпек

«Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» атты облыстық жастар форумы өтпек

Состоится областной молодежный форум «Независимый Казахстан в четвертом десятилетии»

«Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» атты облыстық жастар форумы өтпек

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Осы орайда, еліміздің түкпір-түкпірінде атаулы дата бойынша түрлі іс-шара атқарылуда. Ақмола облысының жастары мен жас мамандары да киелі мерекеге орай жастарға арналған бірқатар іс-шара жоспарлаған.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – бұл біздің жетістіктерімізді ой елегінен өткізіп, болашақтағы міндеттерді айқындаудың мүмкіндігі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуде осы уақыт ішінде «Қазақстан неге қол жеткізді?» және «Төртінші онжылдықта біздің мемлекеттілігімізді нығайту үшін тағы не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуде жас қазақстандықтарды біріктіруге арналған өңірлік форум өткізу көзделуде.

Осыған сәйкес, Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығымен бірлесіп 15 қазанда Көкшетау қаласында «Тәуелсіз Қазақстан төртінші онжылдықта» атты облыстық жастар форумын өткізуді жоспарлап отыр. Оған жастар қозғалысының жетекшілері мен көшбасшылары, еріктілер ұйымдарының өкілдері, белсенді жас кәсіпкерлер мен Тәуелсіздік құрдастары қатыспақ.

Облыстық жастар форумының негізгі бөлімінен кейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті мен А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Қазақстан студенттер альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігімен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ.

Сонымен қатар іс-шара соңында қатысушылар 14-16 қазан күндері облысымыздың студент жастары үшін ұйымдастырылып жатқан «Jas Sarbaz» облыстық лагеріне аттанбақ. Лагерь аясында Диалогтық алаң ұйымдастырылып, өзекті мәселелер мен алдағы жаңа міндеттер айқындалмақ.


Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысы Жастар-ресурстық орталығының

баспасөз қызметі


14.10.2021

Возврат к списку