Президенттік жастар кадр резерві – жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба

Президенттік жастар кадр резерві – жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба

Президенттік жастар кадр резерві – жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба

Президенттік жастар кадр резерві – жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба

«Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба». Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында осылай деді.

30 қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне қатысушыларды тіркеу аяқталады.

«Аталған жоба аясында 2019 жылы 300 жас азамат іріктеп алынып, соның ішінде 186 маман әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік лауазым бойынша қызметке орналасты.

Мемлекет басшысы алғашқы тәжірибенің тиімді жақтарын ескере отырып, жас кадрлар резервіне қатысты бастаманы жалғастыру туралы шешім қабылдағаны белгілі.

Осы орайда, жобаға қатысуға құжат қабылдау жүріп жатқанын айта кету керек.

Жобаға 35 жастан аспаған, жоғары білімді және 5 жыл еңбек өтілі бар, мемлекеттік тілді меңгерген әрбір жас азамат қатыса алады.

Іріктеу қорытындысы бойынша биыл 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне алынады.

Барлық қажетті ақпаратпен pkrezerv.kz сайтынан танысуға болады.

Ел ертеңі үшін қызмет етем деген жастарды осы жобаға қатысуға шақырамыз!», делінген баспасөз хатшысының Facebook-тегі жазбасында.

Айта кетейік, конкурсқа 35 жастан аспаған, жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді кемінде орта деңгейде меңгерген Қазақстан азаматтары қатыса алады.

15.09.2021

Возврат к списку