Жаңалықтар
«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

На экспертной площадке «Jastar: ózekti másele» обсудили Послание Главы государства

«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңында Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

2021 жылғы 14 қыркүйекте «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды талқылауға арналған «Jastar: ózekti másele» сараптама алаңының кезекті отырысын өткізді. Талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, республикалық жастар ұйымдары басшылары және ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, «Nur Otan» қоғамдық саясат институтының, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының және Еуразиялық интеграция институтының жетекші ғалымдары қатысты.

Пікірсайыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов жастар арасындағы экомәдениет туралы айтып, биылғы Жолдау қазақстандық қоғамның көптеген әлеуметтік сұранысына жауап беретінін атап өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов өз сөзінде Президент Жолдауында айтылған негізгі қағидаларды ескере отырып, мемлекеттік жастар саясаты саласындағы жаңа стратегиялық міндеттерді айқындады.

Өз кезегінде «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсем Қайдарова отбасы-демография саясатын іске асыруды жан-жақты қарастырудың маңызы зор екенін айтты.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев әлеуметтанулық зерттеулердің кейінгі нәтижелерін таныстырып, білім алу және еңбек бағыттары бойынша жастардың әлеуметтенуі мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

Талқылауға танымал қазақстандық ғалымдар мен жастар ұйымдарының жетекшілері белсенді қатысты. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтанулық зерттеулер бөлімінің басшысы Жанна Кәрімова Мемлекет басшысының Жолдауы мәнмәтінінде жастар саясатын ғылыми-әдіснамалық сүйемелдеудің басымдықтары туралы айтып, Францияда жүргізіліп жатқан «Elfe» лонгэтюдтік зерттеу тәжірибесі туралы толық ақпарат берді.

Кездесу барысында республикалық жастар ұйымдары жетекшілері де пікірін білдіріп, қойылған міндеттерді іске асыру бойынша түсінігін бөлісті. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев Мемлекет басшысы алға қойған жаңа стратегиялық міндеттерді ескере отырып, 2025 жылға дейін «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың негізгі аспектілерін айқындады.

«Jastar: ózekti másele» сараптама алаңы отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік жастар саясаты саласын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар тізімі қалыптастырылды.

Іс-шара барлық санитария нормасын сақтай отырып, онлайн форматта өтті.

14.09.2021

Возврат к списку