Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жаңа спорт клубы ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа спорт клубы ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа спорт клубы ашылды

Нұр-Сұлтанда жаңа спорт клубы ашылды

Нұр-Сұлтан билігі жеңіл атлетикадан жастар құрамасын тәрбиелеп, бұқаралық спортты дамытуды жоспарлап отыр

Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов жаңа спорт клубының ашылуында айтты.

Спорттық нысандар тек кәсіби спортшылардың жарыстары мен жаттығулары өтетін орын емес, сонымен қатар балалар спортпен шұғылданатын мекеме болуы керек.

"Спорт нысандарын балалар мен жастар үшін қолжетімді етіп жатырмыз. Бұл жаттығу сапасына, дамуға серпін береді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спорт, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін дамытуға басымдық берілмек. Спорттық инфрақұрылымды кәсіби клубтарға емес, бұқаралық спорт түрлеріне баса назар аудара отырып дамытамыз", - деп атап өтті әкім.

Ол 2020 жылы ашылған спорт кешенінде кәсіби спортшылар ғана жеңіл атлетиканың 7 түрімен айналысуға мүмкіндік алғанын атап өтті. Енді қыркүйек айынан бастап балалар да бара алады.

"Ол үшін жеңіл атлетикадан "Nur-Sultan" спорт клубы ашылды. Ол жаттықтырушыларды жалдауға және олардың еңбегіне жалақы төлеуге, сондай-ақ спортпен айналысатын балалар санын арттыруға мүмкіндік береді", - деді Көлгінов.

Клубтың ерекшелігі – жеңіл атлетикамен ниет білдірген өзге оқушылар да айналыса алады.

14.09.2021

Возврат к списку