Жаңалықтар
Жастардың пікірі тыңдалып, көзқарасы ескеріледі

Жастардың пікірі тыңдалып, көзқарасы ескеріледі

Жастардың пікірі тыңдалып, көзқарасы ескеріледі

Жастардың пікірі тыңдалып, көзқарасы ескеріледі

Адамды қанша жазаласа да ол пара алуды тоқтатпайды. Ең алдымен халықтың сана сезімін өзгерту қажет. Дебатқа қатысушылардың барлығы осындай пікір білдірді. «Жемқорлықтың ел экономикасы мен азаматтардың өміріне қандай зиян келтіретінін түсінген жан ғана жең ұшынан жалғасқан жегі құрттың жолын кесе алады», – дейді қатысушылар.

Рүстем Арманов, дебатқа қатысушы:

– Бүгінгі тақырып – жемқорлықпен күрес. Біз көптеген елдің бармақ басты, көз қыстылыққа қарсы қолға алынған тәжірибесіне шолу жасап, олардың артықшылықтары мен кемшіл тұстарын талқылаудамыз. “Келісіп пішкен тон келте болмас” дегендей мұндай өзекті мәселелерді жан-жақты қарастыру қажет.

Рүстем Арманов дебаттарға оқушы кезінен қатысады. Бүгінде оның тәжірибесі мол, оқығаны, білген-түйгені көп. Жергілікті “Антикор” орталығының өкілдері бүгін осындай білімді жастардың басын қосып, олардың пікірлерін тыңдауда. Алдағы уақытта жастар ұсынған тың идеялар жемқорлықпен күрес жұмыстарында пайдаланылады.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қазіргі уақытта қалай түсінеді? Олардың негізгі тетіктері мен механизмі қандай? Дебатта айтылған ұсыныстарды тыңдай келе ескеретін боламыз. Біздің өңірдің жастары белсенді. Жыл сайын түрлі шараларға қатысып тұрады.

Шара соңында қатысушыларға сертификат пен арнайы сыйлық табысталды. Айта кеткен жөн, қазіргі күні өңірлік білім мекемелерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен ашылған түрлі клубтар бар. Оның аясында өскелең ұрпаққа парақорлықтың зардаптары туралы түсіндіріліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

14.09.2021

Возврат к списку