Жаңалықтар
Отбасы күніне орай мерекелік концерт пен "Мерейлі отбасы" жеңімпаздарын марапаттауы «Хабар» телеарнасында көрсетіледі

Отбасы күніне орай мерекелік концерт пен "Мерейлі отбасы" жеңімпаздарын марапаттауы «Хабар» телеарнасында көрсетіледі

Праздничный концерт ко Дню семьи и церемонию награждения лауреатов Национального конкурса "Мерейлі отбасы" покажет телеканал «Хабар»

Отбасы күніне орай мерекелік концерт пен "Мерейлі отбасы" жеңімпаздарын марапаттауы «Хабар» телеарнасында көрсетіледі

«Хабар» телеарнасы Отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты іс-шарасының трансляциясын көрсетеді. 
Адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 2014 жылдан 18 мыңнан астам жанұя қатысты. Осы уақыт аралығында конкурстың өзіндік тарихы қалыптасты. 
Биылғы сайыстың ерекшелігі - өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған барлық 17 отбасына конкурс лауреаты атағы беріліп, тең марапаттар берілді. 2021 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аймақтық кезеңінде комиссияға 2768 ұсыныс келіп түсті. Жобаның жаңа ережесіне сәйкес, ұсыныстар отбасылардан ғана емес, мекемелерден де қабылданды. 
«Хабар» Агенттігінің журналистері «Мерейлі отбасы» сайысының қатысушылары туралы деректі фильмдер циклын түсірді. Жоба аясында финалист жанұялардың «Мерейлі отбасы» атағына қол жеткізудің құпиясы зерттеледі. 
Мерекелік концертті ертең, 12 қыркүйек күні, сағат 14:30-да «Хабар» телеарнасынан көріңіздер.

11.09.2021

Возврат к списку