Жаңалықтар
Алматыда NEET санатындағы жастарды есептеу әдістемесі талқыланды

Алматыда NEET санатындағы жастарды есептеу әдістемесі талқыланды

В Алматы обсудили методику расчета молодежи категории NEET

Алматыда NEET санатындағы жастарды есептеу әдістемесі талқыланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ҒЗО NEET санатындағы жастарды есептеу әдістемесін кеңінен талқылауды жалғастыруда.

10 қыркүйекте Жастар ресурстық орталықтарының жұмыс сапасын арттыру бойынша семинарлардың оқыту кешені барысында NEET санатындағы жастарды анықтау және тіркеу әдістемесін апробациялау мәселесі талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі болды. Пікірталастың тағы бір маңызды бағыты NEET санатындағы жастар базасын қалыптастыру және оларды одан әрі әлеуметтендіру бойынша шаралар қабылдау болды. «Жастар» ҒЗО директоры Аян Сақошев орталықтың NEET жастарымен жұмыс істеу бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға әдіснамалық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар NEET санатындағы жастарды сапалы анықтау үшін статистикалық деректерді ұсынуда жүйелі тәсіл қажеттілігіне келісті.

Қорытынды күні семинар-тренингтерге қатысушылар сертификаттар алды.

10.09.2021

Возврат к списку