Жаңалықтар
«Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобалары басталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобалары басталды

Дан старт проектам «Поколение Независимости» и «Профнавигация»

«Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобалары басталды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік Ұрпақтары» және «Профнавигация» жастар саясаты саласындағы әлеуметтік маңызды гранттық жобаларды іске асыруға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Брифинг барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ өкілі Ернар Жақашев, «Болашақ» қауымдастығы атқарушы директорының орынбасары Әлішер Дүнгенин, BTS Education және «Қазақстанның жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» жобасының жетекшісі Нұрбек Саясат баяндап берді.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының негізгі мақсаты - Тәуелсіздік жылдарында, соның ішінде шетелде жетістікке жеткен жас қазақстандықтардың жетістіктерін насихаттау, сондай-ақ жастар саясатының өзекті мәселелерін шешу үшін талантты жастарды танымал ету. Осы жобаның жүзеге асырылуы барысында Қазақстан өңірлеріндегі мектеп, колледж және ЖОО студенттері арасында білікті сарапшыларды қатыстыра отырып, мотивациялық коучинг-курстарды ұйымдастыру және т.б. іс-шаралар өткізу көзделуде. Жоба аясында 10 мыңнан астам адам, ал ақпараттық қамту бойынша 1 млн. астам адам қамтылады деген үміттеміз.

Ал, «Профнавигация» жобасы бойынша мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру, оның ішінде онлайн-форматта мастер-кластар, экономиканың жетекші салаларының мамандарымен, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен шетел университеттерінің түлектерімен кездесулер өткізу көзделуде. Сондай-ақ, білікті психологтарды тарта отырып, мамандық таңдау бойынша онлайн-режимде мектептердің жоғары сынып оқушыларының психологиялық диагностикасын және тестілеуін ұйымдастыру, өткізу жоспарлануда», - деді Ш.Байманов.

«Профнавигация» жобасын іске асыру барысында 20 мыңнан астам жоғары сынып оқушылары «EduNavigator» кәсіптік бағдар беру платформасы базасында тестілеуден өтеді», - деп Саясат Нұрбек атап өтті. Сондай-ақ, болашақ мамандықтардың халықаралық трендтеріне шолу және орта мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін мансаптық траектория құру алгоритмі дайындалады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруын пайдалана отырып, ҚР АҚДМ тапсырысымен «Азаматтық және құқықтық бастамаларды дамыту» ҚҚ іске асырады. 

12.05.2021

Возврат к списку