Жаңалықтар
«Зияткер ұлтты қалыптастырудағы Елбасы бастамалары» тақырыбында кездесу өтті

«Зияткер ұлтты қалыптастырудағы Елбасы бастамалары» тақырыбында кездесу өтті

«Зияткер ұлтты қалыптастырудағы  Елбасы бастамалары» тақырыбында кездесу өтті

«Зияткер ұлтты қалыптастырудағы Елбасы бастамалары» тақырыбында кездесу өтті

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскемен қаласында «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин «Зияткер ұлтты қалыптастырудағы Елбасы бастамалары» тақырыбы аясында Өскемен қаласының жастары және волонтерлерімен Public talks форматында кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты тәуелсіз мемлекетті қалыптастыру мен дамытудағы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың айырықша рөлі мен «Болашақ» бағдарламасы жайлы кеңінен ақпарат беру, жастармен еркін форматта пікір алмасу.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілген кездесуге қатысушы жастар Жігер Еркінбекұлының қызметі мен қызығушылықтары, шетелде білім алудың артықшылықтарына байланысты сұрақтарын қойды.

Атап өтерлігі, 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Болашақ» бағдарламасы әлі күнге дейін қарқындылығын жоғалтқан емес. Аталған стипендия бойынша                        14 мыңнан астам қазақстандық мұхит асып, шетелде білімін жетілдіріп келді. Бүгінгі таңда «Болашақ» қарапайым қазақстандық жастардың дүниенің төрт бұрышына барып, «инемен құдық қазып» қайтуына жасалған теңдессіз мүмкіншілік. Деректерге сүйенсек, бағдарламаның іске асырыла бастағаннан бері 284 шығысқазақстандық ел аумағында қызмет атқаруда.

0505.jpg

Кездесу соңында Жігер Еркінбекұлы: «Жасандылықтан аулақ жүріп, үш тілде білім алу қажет. Көп еңбек еткен сайын жетістікке де жетесіздер. Мен де өзім қарапайым отбасында тәрбиелендім, үнемі ағылшын тілін үйренуге талпынып, алдыңғы қатарлы оқу орнынан білім алу арманым болатын. Қазір де уақыт өте келе барлық армандарым жүзеге асып келеді. Ал, жетісткке жетудің бір ғана сыры ол адал еңбек ету!» - деп қорытындылады.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ әдістемелік сектор жұмысының басшысы Еркежан Досмұхамбетова

05.05.2021

Возврат к списку