Жаңалықтар
Жастар экологиялық акция өткізді

Жастар экологиялық акция өткізді

Молодежь Алматы провела экологическую акцию

Жастар экологиялық акция өткізді

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2 мамыр күні қала жастары мен жастар ұйымдары Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Сайран» көлінің аумағында «Таза көлдер, өзендер және бұлақтар» атты экологиялық акциясын өткізді. 

Акция Алматы қаласының Жастар ресурстық орталықтары волонтерлерінің, этномәдени бірлестіктер мен қаланың жастар ұйымдарының қатысуымен өтті.

Тазарту жұмыстары көлдің сол және оң жағалауында 2 шақырымнан астам қашықтықта жүргізілді.

«Біз табиғатқа, атап айтқанда аумақты тазартуға, жастардың экологиялық тәрбиесіне тиісті назар аударуымыз керек», - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

Іс-шараның мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Акция барысында санитарлық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілді: бетперде режимі, әлеуметтік қашықтық.

ruh.kz

04.05.2021

Возврат к списку