Жаңалықтар
Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөнінде Үйлестіру кеңесі: NEET санатындағы жастармен жұмыстың жаңа векторы

Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөнінде Үйлестіру кеңесі: NEET санатындағы жастармен жұмыстың жаңа векторы

Координационный совет по развитию молодежных ресурсных центров: Новый вектор работы с молодежью категории NEET

Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөнінде Үйлестіру кеңесі: NEET санатындағы жастармен жұмыстың жаңа векторы

Бүгін, 2021 жылғы 30 сәуірде, Қазақстанның барлық аймағынан ЖРО өкілдерінің қатысуымен жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Іс-шараны ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Кеңес шеңберінде ЖРО қызметінде NEET санатындағы жастарды аймақтардың әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға бағытталған тәсілдерін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысушыларға NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі Республикалық жобалық кеңсенің іске қосылуы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасының дамуы және Жастардың даму индексі туралы атап өтті. Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты еселі жұмыспен және оқу процесімен қамтылмаған жастарды әлеуметтендіру екені де айтылды.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев NEET санатындағы жастардың әлеуметтік ұстанымдары туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Ол өз сөзінде NEET-жастар сияқты әлеуметтік стратаның қалыптасуының негізгі себептеріне және сол санаттағы жастарды әлеуметтендіру бойынша жұмыс әдістеріне тоқталды.

Үйлестіру кеңесінің отырысы аясында NEET санатындағы жастармен жұмыс істеудің аймақтық тәжірибесі таныстырылды. Атап айтқанда, Жамбыл облысының ЖРО директоры Айбек Таутен NEET-жастармен жұмыс істеу бөлімін құру тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде ЮНИСЕФ-тің Жасөспірімдер мен жастарды дамыту бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова да сөз сөйлеп, ЖРО практикалық тәжірибесіне сүйене отырып, жастар арасында «soft skills» дамыту моделін ұсынды.

Кездесу нәтижесінде NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу тәсілдерін аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөнінде Үйлестіру кеңесі – жастар ұйымдарының жұмысы мен сапасын арттыру мақсатымен жастар ресурстық орталықтарының әдістемелік және тәжірибелік қызметінің үйлестіруін іске асыратын «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңес беруші орган. 

30.04.2021

Возврат к списку