Қазақстан жастары «алтын қасық» күтпей, оны өздері жасап жүр – Рустам Кайрыев

Қазақстан жастары «алтын қасық» күтпей, оны өздері жасап жүр. Мұндай пікірді Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясында «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы Рустам Кайрыев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде жас қазақстандықтар NASA, GOOGLE, Tesla, Boeing сынды компанияларды бағындырып, оларда әзірлеуші ретінде басты позицияларда еңбек етіп жүр. Біздің жастарымыз «алтын қасықты» әкеліп беруін күтпейді. Олар оны өздері жасап, өзгелермен де бөлісуде. Қазақстанда барлығына да жұмыс жетеді. Бастысы ерінбеу керек», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде жастардың санасында «қазақ» сөзінің тарихи түпкі мәні берік орнықты. Яғни, олар бүгінде еркіндік, отаншылдық, тәуелсіздік рухында өмір сүреді. 

«Ұйғыр жастары одағында жұмыс істеген 9 жылдың ішінде ұйғырлардың қазақ халқымен тағдырлас өмір сүруге деген ұмтылысындағы зор ілгерілеушілікті байқадым. Ұйғыр жастары волонтерлік арқылы 3 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетті. «Халық алғысы» медалін жүрегіміздің тұсында тағып жүреміз. Қазақстан біз үшін жерұйыққа айналды», - деді Рустам Кайрыев.

29.04.2021 69

Возврат к списку