Жаңақорғанда коронавирус жұқтырғандар қатарында жастар көбейді

Жаңақорғанда коронавирус жұқтырғандар қатарында жастар көбейді

Жаңақорғанда коронавирус жұқтырғандар қатарында жастар көбейді

Жаңақорғанда коронавирус жұқтырғандар қатарында жастар көбейді

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында сәуір айында коронавирус жұқтырған тұрғындар арасында 18-29 жастағы азаматтар саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан бойынша қазір эпидахуал күрделі болып тұр. Сәуір айының өзінде індет жұқтырғандар саны 130 адамға жетті. Биылғы жылдың басынан бері 167 адам қатерлі індеттің құрығына ілікті. Ал пандемия басталғаннан бері осындай 525 жағдай нақтыланған. 

«Пандемия басталған уақытта ауырғандардың басым бөлігі ересектер құрайтын. Биылғы жылдың сәуір айында ол 18-29 жастағы азаматтар арасында көбейген. Тұрғындардан карантин шараларын сақтауды сұраймыз. Түрлі мерекелер мен той-томалақтарды өткізуді де тоқтата тұруымыз қажет», - деді Жаңақорған ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Шынар Айдарова. 

Ауданда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғандардың саны 1405-ке жетті. Екі күн бұрын ауданға «QazVac» вакцинасының 3000 дозасы жеткізілді. 

Сондай-ақ, ауданда карантин талабын бұзған 23 жағдай тіркеліп, барлығына айыппұл салынды.

Еске сала кетелік, Қызылордаға коронавирусқа қарсы «QazVac» екпесі жеткізілді.

29.04.2021 59

Возврат к списку