Жаңалықтар
Токио-2020: Олимпиадаға дайындық

Токио-2020: Олимпиадаға дайындық

Токио-2020: Подготовка к Олимпийским Играм

Токио-2020: Олимпиадаға дайындық

Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының сапалы дайындығы мен сәтті өнер көрсетуі үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалған.

2020 жылы лицензияларды жеңіп алу жоспарын іске асыру үшін 431 оқу-жаттығу жиындары өткізілді, құрама командалар 104 халықаралық спорт жарыстарына қатысып 105 медальға ие болды (18 алтын, 35 күміс және 52 қола медаль).

Олимпиадаға дейін 11 континенталды лицензиялық ойындарына (оның бірі күрес түрлерінен Алматы қаласында жоспарланған), 7 әлемдік іріктеу жарыстарына, 3 әлем кубогына, сондай-ақ 20 рейтингтік турнирлерге қатысу жоспарланған.

Олимпиадаға дейін 11 құрлықтық лицензиялық (олардың бірі күрес түрлері бойынша Алматы қаласында жоспарланған), 7 әлемдік біліктілік жарыстарына, 3 Әлем кубогына, сондай-ақ 20-дан астам рейтингтік турнирлерге қатысу жоспарлануда. Лицензиялық кезең ағымдағы жылғы 1 шілдеде аяқталады.

РИО-дағы Олимпиада бойынша анықтама:

Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен ХХХІ жазғы Олимпиадада Қазақстан Республикасының олимпиадалық құрама командасын спорттың 26 түріне қатысқан 104 спортшы (104 лицензия) қорғады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 3 алтын (Елеусінов Данияр (бокс) 69 кг салмақ дәрежесі, Рахимов Нижат (ауыр атлетика) 77 кг салмақ дәрежесі, Дмиртий Баландин (жүзу)– 200 м. брасспен, 5 күміс (Әділбек Ниязымбетов 81 кг салмақ дәрежесі, Василий Левит 91 кг – бокс, Жаппарқұл Жазира – 69 кг (ауыр атлетика), Сметов Елдос -60 кг (дзюдо), Манюрова Гузель – 75 кг (әйелдер күресі), 10 қола медаль (Шакимова Дариға-75 кг (әйелдер боксы) , Иван Дычко салмақ дәрежесі +91 кг. (бокс), Харки Фархад -62 кг. Горичева Карина -63 кг, Зайчиков Александр 105 кг. Денис Уланов 85 кг. (ауыр атлетика), Галбадрах Отгонцецег -48 кг. (дзюдо), Сыздыкова Эльмира -69 кг. Ларионова Екатерина -63 кг. (әйелдер күресі), Ольга Рыпакова үш рет секіру (жеңіл атлетика). 

Қазіргі уақытта ұлттық құрама командалар 20 спорт түрінен 48 лицензия(57 спортшы) жеңіп алды, оның ішінде 19 жеке және 1 ойын түрінде (су добы).

Біздің анықтама: (жеңіл атлетика 3 лицензия - Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, Айман Ратова, велосипед тас жолы 4 лицензия, жүзу 2 лицензия - Дмитрий Баландин, ашық суда жүзу 1 лицензия - Виталий Худяков, садақ ату 4 лицензия - Мұсаев Санжар, Ганкин Денис, Абдуллин Илфат, спорттық өрмелеу 1 лицензия - Хайбуллин Ришат, үйлесімді жүзу 1 лицензия - Александра мен Екатерина Немич, грек-рим күресі 3 лицензия - Мейрамбек Айнағұлов, Асхат Ділмұхамедов, Тұрсынов Нұрсұлтан, әйелдер күресінен 3 лицензия - Валентина Исламова, Эльмира Сыздықова, Ахметова Татьяна, еркін күрестен 5 лицензия - Нурислам Санаев, Дәулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Әлішер Ерғали, Юсуп Батырмырзаев,  спорттық гимнастикадан 1 лицензия - Милад Карими, стендтік ату 1 лицензия - Рысбекова Сәрсенгүл, оқ ату 1 лицензия - Юрков Юрий, қазіргі бессайыс бойынша 2 лицензия - Потапенко Елена, Ильященко Павел, каратэ WKF 1 лицензия - Дархан Асадилов, бокс 9 лицензия – Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин, Аблайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдаулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев, Надежда Рябец, велотрек 3 лицензия, су добы 1 лицензия, үстел теннисінен 1 лицензия Лаврова Анастасия, семсерлесуден 1 лицензия Құрбанов Руслан).

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі 

26.04.2021

Возврат к списку