Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы «Білімді ұрпақ» жас ғалымдар форумы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы «Білімді ұрпақ» жас ғалымдар форумы

Форум молодых ученых «Умное Поколение» в рамках празднования 30-летия Независимости РК

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясындағы «Білімді ұрпақ» жас ғалымдар форумы

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Білімді ұрпақ» жас ғалымдар форумы өтеді. Форум Тәуелсіздік жылдарындағы жас ғалымдардың қоғамдағы және жалпы ғылымдағы жетістіктерін жастар арасында кеңінен насихаттауға, отандық ғылымды дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жасауға арналған алаң құруға және «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасын жасауға бағытталған.

Бұл іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің, ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері, республиканың барлық аймақтарынан келген жас ғалымдар мен зерттеушілер, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, ғылыми гранттардың, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері қатыспақ.

Бұл іс-шараның мақсаты – жас ғалымдарды ғылыми қызметті танымал ету арқылы әлеуметтік жаңғырудың құндылықтары мен қағидаларын насихаттау үшін шоғырландыру.

Ұйымдастырушысы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Онлайн шараға шамамен 100 адам қатысады деп күтілуде.

23.04.2021

Возврат к списку