Жаңалықтар
Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жобасы іске асырылуда

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жобасы іске асырылуда

Началась реализация проекта по укреплению семейных ценностей среди молодежи

Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жобасы іске асырылуда

Бүгін онлайн-форматта "Жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі шараларды институционализациялау" жобасының басталуына арналған брифинг өтті.
Іс-шараға ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, "En baqytty el" ҚҚ директоры Камиля Сүлейменова, сондай-ақ жобаның серіктестері: Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы БҰҰ Қоры (ЮНФПА), "Қазақстан Әкелері" ҚҚ, "Bope" ҚҚ, "Janym" ҚБ.
Жобаны "En baqytty el" қоғамдық қоры ҚР АҚДМ тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асыруда.
"Елімізде мықты отбасылық идеяларды қалыптастыру үшін бүгіннен бастап жастардың тәрбиесіне, тұлғалық қалыптасуына ерекше назар аудару қажет.
Қазақстандық жастардың 72,1%-ы отбасын маңызды құндылықтарды қалыптастырудағы негізгі әлеуметтік институт деп санайтыны ерекше қуантады.
Жастарды отбасын құруға дайындауға, жастар арасында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл жоба өткен жылдан бастап жүзеге асырылуда", — деп атап өтті Ш.Байманов.
Осы жылы жоба шеңберінде жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту жөніндегі республикалық жобалық кеңсе құрылады, консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі әдістемелік құрал әзірленеді, мамандандырылған отбасылық психологтар тартылған YouTube-арнасы ашылады.
Бұдан басқа, жастарға арналған білім беру ұйымдарында оқыту тренингтерін, саналы әке, ата-ана болу бойынша семинарлар өткізу жоспарлануда.

16.04.2021

Возврат к списку