Жаңалықтар
Жастар арасында құмар ойындар мен интернет-тәуелділіктің алдын алу бойынша жоба басталды

Жастар арасында құмар ойындар мен интернет-тәуелділіктің алдын алу бойынша жоба басталды

Стартовал проект по профилактике интернет-зависимости и азартных игр среди молодежи

Жастар арасында құмар ойындар мен интернет-тәуелділіктің алдын алу бойынша жоба басталды

ҚР АҚДМ қолдауымен "Жастар мен балалар арасында құмар ойындары мен интернет-тәуелділіктің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру" әлеуметтік жобасын жүзеге асыру басталды.

Жобаны "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесе іске қосып отыр.
Интернет-тәуелділіктің, құмар ойындардың және кибербуллинг жоғары деңгейдегі аймақтарды анықтау мақсатында фокус-топтардың сауалнамаларын ұйымдастыру және жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, жоба шеңберінде халықаралық заңнамаға талдау жүргізіледі, талдамалық баяндама әзірленеді, жастар мен балалар арасында Интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу саласындағы Қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленеді.

Жоба балалар мен ата-аналарды медиа және интернет сауаттылыққа тиімді оқытуға ықпал етуге бағытталған, бұл өз кезегінде Интернетке тәуелділіктің алдын алу бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.
09.04.2021

Возврат к списку