Жаңалықтар
Оралда дзюдодан жастар спорт ойындары өтуде

Оралда дзюдодан жастар спорт ойындары өтуде

Оралда дзюдодан жастар спорт ойындары өтуде

Оралда дзюдодан жастар спорт ойындары өтуде

Орал қаласындағы теннис орталығында дзюдодан Қазақстан Республикасының V жастар спорт ойындары өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
Жарыс барлық санитарлық талаптар сақталып, көрерменсіз ұйымдастырылды.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, айтулы додаға еліміздің облыстары мен қалаларынан барлығы 115 ұл және 105 қыз қатысып, бақ сынауда.
 
Алдымен төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. 48 кг салмақта қызылордалық Жанерке Асқарова жеңімпаз атанса, атыраулық Аяна Дүйсенбай күміс, алматылық Гузаль Аюпова мен Алматы облысының өкілі Диана Буркебаева қола жүлдеге ие болды. 52 кг салмақта тағы бір қызылордалық Құндыз Жылқыбай алтыннан алқа тақты. Шымкенттік Әсемгүл Балтабай күміс медальді еншілесе, Алматы облысынан келген Әлпеш Ізенбай мен шығысқазақстандық Балнұр Әбденова үздік үштікті түйіндеді.
 
Сондай-ақ 60 кг салмақта алматылық Шерзод Давлатов чемпион атанды. Маңғыстаулық Мерей Махамбетов екінші, шығысқазақстандық Есентай Имаханов пен елордалық Мадияр Мырзахметов үшінші орыннан көрінді. 66 кг салмақта шығысқазақстандық Әнуар Жұмагелдин ешкімді шыдатпады. Алматы облысының өкілі Бекзат Әбіләкім күміс, маңғыстаулық Әділ Марлен мен елордалық Ерсұлтан Дүйсенхан қола жүлдені иеленді.
 
Тағы үш салмақта жеңімпаз-жүлдегерлер мынадай ретпен орналасты.
57 кг
1. Толғанай Әбеуова (Ақмола)
2. Дана Айтбаева (Түркістан)
3. Мөлдір Бисенова (ШҚО)
3. Ақнұр Асылбекова (Алматы о.)
63 кг
1. Кристина Сотникова (ШҚО)
2. Самалай Ерғалиева (Қостанай)
3. Есімгүл Куюпова (Атырау)
3. Ханзада Қайратова (Қарағанды)
73 кг
1. Серікбол Естай (ШҚО)
2. Атабек Тұрлыбаев (Қарағанды)
3. Бексұлтан Дүйсенов (Түркістан)
3. Ислам Төлеген (Ақмола).
Жастар ойындары 31 наурыз күні мәреге жетеді.
31.03.2021

Возврат к списку