Жаңалықтар
Білімді жастар – білікті мамандар

Білімді жастар – білікті мамандар

Білімді жастар – білікті мамандар

Білімді жастар – білікті мамандар

Тәуелсіздік алған күнінен бастап дарынды жастарға сапалы білім мен қолдау көрсету еліміздің негізгі басымдылық берген бағыттардың бірі болып табылады. Білімді жастарды дамыту әрқашан болашағыңды дамытумен пара-пар. Осы орайда, жыр алыбы Жамбыл Жабаев бабамыздың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында “Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті, – деген сөзін мысалға ала отырып, әлем халқымен терезесі тең, көштен қалмай даму үшін жастарымыз білікті маман болуы тиіс. Білікті маман даярлауда біліктілгі жоғары ұстаздары бар жоғары оқу орындардың алтын орны ерекше.
 
Оңтүстік өңірдің педагогикалық және гуманитарлы бағыттар бойынша білім беретін Silkway Халықаралық университеті сапалы білім мен білікті мамандар даярлау ісінде үздік қызмет көрсетіп келе жатқан оқу ордасы болып саналады. Білімді, дарынды жастарды қолдау мақсатында аталмыш жоғары оқу орнында 2017 жылдан бастап Б.С.Юнусов атынағы Білім грант иегерлерін анықтау және табыстау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асып келеді.
 
Осы уақыт аралығында Silkway Халықаралық университетінің басшылығының қолдауымен 32 студент, 7 магистрант және 2 докторант сапалы білім алып, білікті маман иесі атанып түлеп ұшты. Қазіргі таңда университет қабырғасында 35 студент Б.С.Юнусов атынағы Білім грант және 20 магистрант мемлекеттік білім грант иегерлері оқу орнының профессор-оқытушы құрамнан дәріс тыңдауда. Қазіргі таңда, Silkway Халықаралық университетінің Б.С.Юнусов атынағы Білім грант иегелері өз ғылыми жұмыстары мен жобаларын отандық, республикалық, шет елдік байқауларға беруді жалғастыра береді.
 
Сондай-ақ, алдағы уақыт «Жас ғалымдар кеңесі» жеткен жетістері бойынша  Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырып жатқан «Үздік жас ғалымдар кеңесі» бойқауын жоба ұсыну жұмыстары пысықталды. Еліміздің ертеңгі болашағы – қазіргі жастар қолында. Білімді қоғамды құру сіз бен біздің еңбегіміз – Жастар!  
 
Нурғали Надырұлы ЖАНИКУЛОВ,
Silkway Халықаралық университетіндегі
ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бөлімінің
жетекшісі, PhD, Жас ғалымдар және СҒЗЖ
31.03.2021

Возврат к списку