Жаңалықтар
Ақтауда ақындар айтысы өтті

Ақтауда ақындар айтысы өтті

Ақтауда ақындар айтысы өтті

Ақтауда ақындар айтысы өтті

Айтыс өнері – қазақтың қанына сіңген бекзат өнер. Бабалардан қалған осы өнерге елеңдемейтін қазақ жоқ. Еңсе тіктеген баласынан еңкейген қариясына дейін суырып салма ақындарды тыңдаудан жалыққан емес.
Маңғыстау облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған 17 наурыз «MANGYSTAU NAURYZ FEST-2021» жастар фестивалінің «Тарихқа тағзым күні» аясында облыстық дәстүрлі айтыстың шымылдығы ашылды. Айтысқа өңірдің аудан, ауылдарынан келген 10 ақын қатысты.
Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Аманғали Нұрдәулетов айтысты ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын арқау еткен 10 ақын тарихтан өткен тұлғаларды, елін, жерін қорғаған батырларды, ел намысын сөзбен қорғаған ақындар мен би-шешендерді жырлады.
2 кезеңнен құралған додада ақындар бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарды. Еңселі егемендіктің жетістігін, өмірдің күрделі мәселелерін тақырыбына тұздық етіп, кесек сөйлеп көсілді. Айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.
Қазылар алқасының шешімімен екінші айналымға өткен 5 ақын сахнада тізіліп, Құлмамбетше айтысты.
Сүбелі сөзді суырып салатын жыр жүйріктерінің шалқар шабыты мен мәнерлі мақамын халық қалаулылары мен танымал ақындар бағалады.
Бәсекенің бас жүлдесін жауһар жыр, суырып салма ақындығымен елді тамсандырған, талантымен тәнті еткен Қарақиялық Азамат Орынбасаров иеленді.
І-орынды Жанболат Әлиев, ІІ-орынды Бейнеуден келген Нұрсұлтан Оңғарбаев еншіледі.
Ал, ақтаулық Ердәулет Сардар III - орынды  қанжығасына байлады. Қалған дара ақындарға Алғыс хат табысталды.
 












#MangystauNauryzFest2021
#МаңғыстауЖастары


18.03.2021

Возврат к списку