Жаңалықтар
Маңғыстау облыстық ЖРО ұйымдастыруымен өңірде алғаш рет «Mangystau Nauryz Fest - 2021» жастар фестивалі өтпек

«10 атаулы күнге бөлінген «Mangystau Nauryz Fest - 2021»  бағдарламасында бірнеше шаралар тізбегі бар. Ұлттық дәстүрді дәріптейтін фестивалдің мақсаты амал және наурыз мейрамын жаңа үлгіде тойлау дәстүрін қалыптастыру. Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құндылықтарын насихаттау»,- дейді орталық директоры Абылай Фазылбекұлы.         
 
Фестивалдың алғашқы күні жастар мен вололентерлар өңір тұрғындары мен қонақтарына «Жыл құтты болсын» атауымен тәттілер үлестіру шарасынан басталады.  Тал отырғызу, қайырымдылық шаралары, жастардың ұлттық киімді дәріптеу челленджі, ұлттық ойындар, жас құсбегілер, садақ ату мен жас ақындар айтысы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Ақ жол» жастар театрының әуесқой әртістерінің қатысуымен драматург Өтен Ахметтің «Елім деп өткен ер Жалау» қойылымы көрсетіліп, аудандық және қалалық мұражайларға тақырыптық экскурсияларға бару жоспарланған.

«Игі істер» атауымен аталған күні  жастар орталығы атынан Ақтау қаласындағы №69 түзету мекемесінде сотталған азматтарға кітап сыйлайды.  
21-22 наурыз – «Ұлыстың Ұлы күні» – теңіз жағалауында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған қала тұрғындары мен қонақтарына Маңғыстаудың үш биі бейнеленген муралды таныстырылады.

Жастар фестивалі облыс көлемінде наурыз айының 14 мен 22 күндері аралығында өтеді.
Ұйымдастырылған іс-шаралар  әлеуметтік желілерде #MangystauNauryzFest2021 #МаңғыстауЖастары ресми хэштегтері арқылы жарияланады.  

15.03.2021

Возврат к списку