Жаңалықтар
Маңғыстаулық 100 жас заманауи жаңа мамандықты онлайн меңгеруде

Маңғыстаулық 100 жас заманауи жаңа мамандықты онлайн меңгеруде

Маңғыстаулық 100 жас заманауи жаңа мамандықты онлайн меңгеруде

Маңғыстаулық 100 жас заманауи жаңа мамандықты онлайн меңгеруде

Өңір жастары үшін Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырған «Jastar online» мектебінің алғашқы сабақтары басталды.  Мектепте қашықтықтан оқыту әдісі арқылы 100 жас дәріс алуда. 

Олар 1 ай мобилография, сайт жасау, өнім сату сонымен қатар, әлеуметтік желінің қыр-сырын үйреніп, заманауи жаңа дағды қалыптастырады. 
 
«Алғашқы сабақтарда сайт жасау және оны безендіру әдістерін үйрендік. Сайттың әр бір детальіне жеке-жеке тоқталдық. Сайт қолданушылары мен тұтынушыларды шақыру үшін осы сайт арқылы өнімді жарнамалау бағытымен таныстық. Жасаған сайттарымызға қазіргі сатылымдағы немесе алдағы уақытта сататын өнімізді орналастырмақпыз. Сабақ қарапайым әрі түсінікті тілмен өтуде. Маған ұнады. »,- дейді «Jastar online» мектебінің оқушысы Ералы Оразғалиев.
 
Сабақ әр тақырып бойынша аптасына 3 рет 30 минуттан өтеді. Әр сабақтан кейін оқушыларға үй-тапсырмалары беріліп, тапсырма жеткілікті орындалмаған жағдайда, оқушыға келесі сабаққа қатысу мүмкіндігі берілмейді.

Осылайша жаңа білім мен дағдыны меңгеру арқылы жастардың жаңа кәсіп бастауына жол ашылмақ.




15.03.2021

Возврат к списку