Жаңалықтар
Авиация колледжінің студенті «Колледж аруы - 2021» жеңімпазы атанды

Авиация колледжінің студенті «Колледж аруы - 2021» жеңімпазы атанды

Авиация колледжінің студенті «Колледж аруы - 2021» жеңімпазы атанды

Авиация колледжінің студенті «Колледж аруы - 2021» жеңімпазы атанды

2021 жылғы 15 ақпан және 10 наурыз аралығында «Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен онлайн нысанында техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдары  студенттері арасында «Колледж аруы-2021» байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – қыз балалардың жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрудің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау болды. 
«Колледж аруы – 2021» байқауына 16 мен 25 жас аралығындағы 100 астам қыз бала қатысуға ниет білдірді. 

Байқауда «Мен қазақтың қызымын», «Менің өнерім», «Таңғажайып киім», «Ұлттық нақыштағы көйлектер» бойынша  өнерлерін көрсетті. 

Байқау нәтижесінде әділқазылардың шешімі бойынша «Колледж аруы - 2021» сайысының жеңіпазы ретінде Алматы қаласындағы «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Авиация колледжінің «Тасымалды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (әуе көлігі)»  мамандығының 4-курс студенті Асқарқызы Ясмин аталды. 

Асқарқызы Ясмин колледждің өмірінде болып жатқан барлық жұмыстарға атсалысатын белсенді студенттерінің бірі болып табылады. 


12.03.2021

Возврат к списку