Жаңалықтар
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын түсіндіру бойынша онлайн-кездесу өтті

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын түсіндіру бойынша онлайн-кездесу өтті

Состоялась онлайн-встреча по разъяснению норм закона «О противодействии коррупции»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын түсіндіру бойынша онлайн-кездесу өтті

Бүгін, 2020 жылғы 20 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын және парасаттылық идеологиясын нығайтуды қамтамасыз ету шеңберінде қоғамдағы жалпы төзбеушілікті түсіндіру бойынша онлайн-кездесу өтті.

Онлайн-кездесуге Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Байманов, ҚР АҚДМ жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Лима Диас, шақырылған сарапшы – «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Ш. Қожахметов, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының басшылары қатысты.

Аталған іс-шараның басты міндеті жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату.

Кездесу барысында ҚР АҚДМ жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Лима Диас, шақырылған сарапшы – «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Ш. Қожахметов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, кездесуде Ш.Байманов ЖРО қызметін жетілдіру мәселелерін қозғап, талқылады және жалпы басымдықтар белгіленді.

Кездесу қорытындысы бойынша Ш.Байманов жастар саласын одан әрі дамыту мақсатында ЖРО үшін бірқатар басым міндеттерді анықтады.

20.11.2020

Возврат к списку