Жаңалықтар
11-12 қарашада ENACTUS KAZFEST 2020 инновациялық жобалардың фестиваль-көрмесі өтпек

11-12 қарашада ENACTUS KAZFEST 2020 инновациялық жобалардың фестиваль-көрмесі өтпек

11-12 ноября пройдет Фестиваль-выставка инновационных проектов ENACTUS KAZFEST 2020

11-12 қарашада ENACTUS KAZFEST 2020 инновациялық жобалардың фестиваль-көрмесі өтпек

ENACTUS KAZAKHSTAN ұлттық кеңсесі КЕАҚ "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" мемлекеттік грантын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен KAZFEST 2020 инновациялық жобаларының Фестиваль-көрмесін өткізеді.

Фестиваль-көрме елімізде мектеп және студенттік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өткізіледі. Іс-шараға іскерлік қоғамдастықтың өкілдері, мектеп оқушылары, колледждер мен университеттердің студенттері, елімізге белгілі сарапшылар мен қоғам қайраткерлері шақырылды.

Инновациялық жобалардың фестиваль-көрмесі-әлеуметтік-экономикалық және экологиялық кейстердің инновациялық шешімдерін ұсынатын іскерлік серіктестер мен жас кәсіпкерлердің тиімді өзара қарым-қатынасының бірегей платформасы. Биыл фестиваль-көрме online форматында өтеді.

ENACTUS KAZFEST 2020 инновациялық жобалар фестиваль-көрмесінің БАҒДАРЛАМАСЫ:

- ҮЗДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ОНЛАЙН-КӨРМЕСІ;

- KAZFEST INNOVATION LAB: өз ісі шеберлерінің инновациялық алаңы;

- ALUMNI HUB. Бизнестегі көшбасшылық және тәжірибе: Стартаперлердің көзқарасы;

- БҰҰ 17 ТДМ  ЖАСТАР ПІКІРСАЙЫСЫ. Жастардың тұрақты дамудың 17 мақсатына қол жеткізуге қосқан үлесі;

- ИНВЕСТ ПИТЧИНГ. ENACTUS Kazakhstan іскер серіктестерімен кездесу, фестиваль қатысушыларының питчингі;

- Prescreening: республикалық мектеп және студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар байқауларының жобаларын алдын ала іріктеу процесі. Бизнес-командаларға лицензиялар беру;

- ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОНЛАЙН ОЙЫН.

 

Қазақстандағы Enactus халықаралық бағдарламасы БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсаттарына сүйене отырып, еліміздегі 56 жоғары оқу орны мен әлемдегі 72.000-нан астам студентті біріктіреді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, осы бағдарлама шеңберіндегі студенттердің жобалық қызметі университеттік білімге керемет қосымша болып табылады. Enactus аясында командалар жүзеге асыратын жобалардың негізгі бағыттары - кәсіпкерлік, әлеуметтік даму, қоршаған ортаны сақтау.

Enactus Kazakhstan қызметі қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның отандық бизнесті дамытуға белсенді қатысуы жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған.

10.11.2020

Возврат к списку