Жаңалықтар
«Қарттарға көмек» акциясы іске асырылуда

«Қарттарға көмек» акциясы іске асырылуда

Акция «Қарттарға көмек»

«Қарттарға көмек» акциясы іске асырылуда

Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы, қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау айлығы аясында, «Қарттарға көмек» акциясын іске қосты.
Акцияны мақсаты – жалғыз басты қарт және мүгедектерге көмек көрсету болып табылады. Аталмыш акцияны Көкшетау қаласының оқу орындарының 40 – тан астам еріктілері қолдады. Олардың ішіндегі ең белсенділері құрылыс-технологиялық колледжінің, жоғары техникалық колледжінің, «Бурабай» колледжінің, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, «Арна» колледжінің және азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің еріктілерін ерекше атап өтуге болады.
Акция аясында еріктілер 10 – нан астам мекен-жайды аралап, отын кесу және су әкелу, есіктерді бояу және тұсқағазды қайта жабыстыру сияқты түрлі көмек көрсетті.

«Біз жұмыстан қорықпаймыз, аға ұрпаққа қамқорлықты одан әрі жалғастырамыз және жастарды біздің үлгісімізге еруге шақырамыз», - дейді еріктілер.
Волонтерлік қызмет шын мәнінде мұқтаж адамдар үшін баға жетпес еңбек болып есептеледі. Өкінішке орай, жалғыз басты қарт адамдар біздің қаламызда сирек бола қойған жоқ. Сол себептен барлық бей-жай қарамайтын адамдардан қарт адамдарды қолдауларыңызды сұраймыз – дейді Көкшетау қаласының еріктілері.
19.10.2020

Возврат к списку