Жаңалықтар
Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады – қала әкімі

Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады – қала әкімі

Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады – қала әкімі

Түркістанда Назарбаев зияткерлік мектебі ашылады – қала әкімі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында Назарбаев зияткерлік мектебі ашылатын болды. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов ұстаздарды марапаттау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұстаздар күні» қарсаңында ұйымдастырылған шарада шаһар басшысы сондай-ақ білім саласы қызметкерлерінің еңбегін ерекше атап өтіп, ізгі тілегін жеткізді.

«Мұғалім болу үлкен бақыт. Адам толық қабілетін ата анасынан, мектептегі ұстазынан, қоғамнан және осының бәрін бойына жинап, өзінің алып шыққан нәтижесінен көрсете алады. Сондықтан, адамның тұлға болып қалыптасуында ұстаздардың алар орны ерекше. Барша «Ұстаз» деген ұлы атты арқалап жүрген жандардың қызметіне алғыс айтамын», - деді қала әкімі.

«ZOOM» форматында өткен кездесуде сондай-ақ оқушылар ұстаздарға ән арнаса, ардагер мұғалімдер қызметке жаңадан келген жас мамандарға табыс тіледі.

Шара соңында Рашид Абатұлы мұғалімдерге ән арнаған мектеп оқушысына өз галстугын сыйға тартып, болашақта елімізді дамытуға үлес қосуына тілектес екендігін жеткізді.
 
05.10.2020

Возврат к списку