Жаңалықтар
Мәжіліс Спикері: Президент Жолдауы ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңі болып табылады

Мәжіліс Бюросының алтыншы сессиясының бірінші отырысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында атап көрсеткен басымдықтар тұрғысынан депутаттар қызметінің негізгі бағыттары талқылауға шығарылды.
 
Спикер Нұрлан Нығматулин халық қалаулыларының назарын Президент алға қойған міндеттердің ауқымына аударды. Ол Қазақстандағы өмірдің барлық салаларын жаңғырту мен серпінді дамытудың сәттілігі олардың шешілуіне байланысты болатынын атап өтті.
 
Депутаттарға мемлекеттік басқарудың жаңа моделін заңнамалық қамтамасыз ету, квазимемлекеттік сектор реформаларын қолдау, салық заңнамасы мен бюджет саясатын жетілдіру бойынша қызу жұмыс күтіп тұр.

Нұрлан Нығматулин осыған байланысты Мемлекет басшысының Жолдауы ауқымды өзгерістердің жаңа кезеңі болып табылатынын мәлімдеді. Парламент палатасының алдағы отырысында жаңа заң жобаларының тұтас топтамасы бойынша қорытындылар дайындау мерзімін анықтау міндеті тұр. Ең алдымен, бұл Ұлттық қордан бюджет және трансферт туралы заңдар, сондай-ақ ЕАЭО-мен келісімдердің тұтас пакетін ратификациялау жөніндегі заң жобалары және басқа да жаңа заңдардың жобалары.
02.09.2020

Возврат к списку