Жаңалықтар
"Өз шыңыңды бағындыр" тақырыбында семинар-тренинг өтті

"Өз шыңыңды бағындыр" тақырыбында семинар-тренинг өтті

"Өз шыңыңды бағындыр" тақырыбында семинар-тренинг өтті

"Өз шыңыңды бағындыр" тақырыбында семинар-тренинг өтті

 
Бүгін, 27 тамыз күні Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту Мемлекеттік қоры, Алатау ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "ZOOM" платформасында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің "Жас ғалымдар кеңесінің" төрағасы, PhD-докторант Руслан Сейітқазиев мырза "Өз шыңыңды бағындыр" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингке желіге кіруге мүмкіндігі бар барлық жастар қатысты.
 
Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – жастарды жетістікке жетуге ынталандыру, олардың жаңа бастамаларына, жаңа жұмыстарына демеу беру. Семинар-тренинг барысында көшбасшылық қасиеттерді иемденуге ықпал ететін бағыттарға көңіл бөлінді. Жастармен бірге арман, мақсат, ерік-жігер, күш тәрізді тақырыптар қозғалды. Спикер өзінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға мол мағлұмат берді, адал жолмен биік шыңға жетуге шақырды.


\





28.08.2020

Возврат к списку