Жаңалықтар
Праймеризде іріктелген жастар мемлекет жүйесіне жаңаша серпін әкеледі

Праймеризде іріктелген жастар мемлекет жүйесіне жаңаша серпін әкеледі

Праймеризде іріктелген жастар мемлекет жүйесіне жаңаша серпін әкеледі

Праймеризде іріктелген жастар мемлекет жүйесіне жаңаша серпін әкеледі

Праймеризге Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысы атынан қатысып жатқан үміткерлер «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев өткізген онлайн конференция барысында партия ішіндегі сайлауға қатысудағы мақсаттары қандай екенін айтып, сайлау барысында өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды.
Праймеризге Қостанай облысы атынан қатысып жатқан қалалық мәслихат депутаты, Арқалық қаласының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ахметжанов Амангелді праймеризге қатысудағы мақсаты – халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру дейді.
«Праймериздің Қазақстанға берер пайдасы орасан. Праймериз ең алдымен, партия ішіндегі бәсекелестікті арттырып, қатарымызға креативті мамандар тартуға септігін тигізеді. Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруымыз керек» деп айтып жатыр. Праймеризден іріктеліп жатқан жастар біздің жүйеге жаңаша әсер етеді деп ойлаймын. Мен де өз үлесімді қосу үшін осы сайлауға үміткер болып жатырмын. Арқалықтағы халық кез келген әлеуметтік түйткілді проблемаларын партияға келіп айтады, партия арқылы шешеді. Сондықтан праймериз партия мен халық арасында қалыптасқан байланысты одан ары арттыра түседі деген үміттемін», - деді Амангелді Ахметжанов.
Жиынға Рудный қаласынан қатысып жатқан журналист, «Rydnyi media» ЖШС бас редакторы Кенжеш Аманова «Nur Otan» партиясы өткізіп жатқан праймериздің пилотты жобасына 2019 жылы қатысқанын айтып, сондағы тәжірибесімен бөлісті.
«2019 жылы Рудный қаласында праймериз пилотты жоба ретінде өткен еді. Содан осы праймериздің алғашқы жобасына атсалысып, өзіміз алғашқы қадамды алдық. «Nur Otan» партиясының жеті серпіні бәрімізге мүмкіндік берді. Сол кездегі праймеризді біз өз ойымызды алғаш рет ашық ортаға салып, әлеуметтік жобаларда өз бағдарламаларымызды ұсынып, содан кейін жалпы халықтың қатысуымен брифинг форматында өткіздік. Онда халық өз көкейіндегі сұрақтарды қойып, оларға ашық жауап алды. Елімізге ақиқат пен шындық жолында жүру үшін праймериз қажет еді. Менің ойымша, праймериз халық пен билік арасындағы ашықтыққа, шынайылыққа жол ашады», - деді журналист.
Естеріңізге сала кетейік, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамызда басталды және 28 тамызға дейін жалғасады. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді.
7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.
19.08.2020

Возврат к списку