Жаңалықтар
Жастарға арналған "Мобильді ресурстық орталықтар" көшпелі алаңы жобасын іске қосты

Жастарға арналған "Мобильді ресурстық орталықтар" көшпелі алаңы жобасын іске қосты

Запущен проект переездная площадка «Мобильные ресурсные центры» для молодежи

Жастарға арналған "Мобильді ресурстық орталықтар" көшпелі алаңы жобасын іске қосты

Бүгін, 18 тамызда, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жастарға арналған "Мобильді ресурстық орталықтар" көшпелі алаңы жобасын іске қосты.
Мобильді ресурстық орталық - бұл жастарды жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсету, таныстыру алаңы. Мобильді ресурстық орталықтар бір мезетте Алматы қаласының 8 ауданында іске қосылып, Нұркент және Шұғыла шағын аудандарының көп шоғырланған алаңдарында, Атакент көрме павильонында, Көк базары, Тиграхауд және Ялян базарларында, Март ОСО-да және Арбат жаяу жүргіншілер көшесінде өтті.
Аталған іс-шарада "Жастар тәжірибесі" және "қоғамдық жұмыстар" Жұмыспен қамту орталығының бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары және жастарды тіркеу жүргізілді. Барлық тілек білдірушілерге, жасына қарамастан, әр түрлі бағыттағы, соның ішінде жұмысшы мамандықтағы жаңа бос орындар ұсынылды. Өтініш білдірушілер сауалнамаларды толтырды, оларды өңделгеннен кейін Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне тапсырылады және "Срочно требуется" газетінің сайтында жарияланады. Ауданның Жастар ресурстық орталықтарының еріктілері қала тұрғындарына ақпараттық плакаттарды таратты.
Әрине, іс-шарада санитарлық нормалар сақталды: әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, әр ауданда бетперде киген 1-2 қызметкердің өтініші қабылданды.


 

 

 

 

 

 
18.08.2020

Возврат к списку