Жаңалықтар
Жастар арасындағы суицидтің проблемасы және алдын алу

Жастар арасындағы суицидтің проблемасы және алдын алу

Проблема и профилактика суицида в молодежной среде

Жастар арасындағы суицидтің проблемасы және алдын алу

2020 жылғы 12 тамызда «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Жастар арасындағы суицидтің проблемасы және алдын алу» сараптамалық фокус-тобын өткізді.
Фокус-топ шеңберінде өзіне-өзі қол жұмсаудың негізгі себептері анықталды, суицидтік алдын алу қиындықтары, еліміздің әртүрлі өңірлерінде алдын алу жұмыстарын ұйымдастырудың табысты тәжірибелері талқыланды, осы мәселені шешу бойынша ұсынымдар ұсынылды.
Сарапшылардың пікірі бойынша, қазіргі уақытта жасөспірімдердің суицидінің 40%-ға төмендеуі байқалады (егер суицидті 100 мың халыққа шаққанда санасақ). Жасөспірімдердің суицидін төмендетуге қол жеткізудің негізгі факторларының бірі суицидтердің алдын алу жөніндегі бағдарламаларды енгізу, сондай-ақ өңірлерде бюджет қаражатын бөлу болып табылады. Бұл ретте суицид көрсеткішінің төмендеуі қаржы қаражаты бөлінбеген өңірлерде байқалмайды.
Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстанның жасөспірімдер суицидін төмендету бойынша тәжірибесі басқа елдер арасында көрнекі болып табылатынын, алайда одан әрі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Фокус-топтың жұмысы барысында сарапшылар жастар арасында суицидтің төмендеуіне ықпал ететін бірқатар шараларды ұсынды, атап айтқанда денсаулық сақтау саласында да, жалпы психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесінде де ведомствоаралық өзара іс-қимыл және реформалар жүргізу; психикалық денсаулық бойынша көмек алу үшін ел тұрғындарының тиісті сервистерге жүгіну мүмкіндігі үшін бұқаралық ақпараттық науқан өткізу; елімізде кәмелетке толмағандардың суицидінің алдын алу жөніндегі жобалар мен бағдарламаларды толыққанды және ұзақ мерзімді іске асыру үшін нысаналы қаржы қаражатын бөлу және т. б.
Талқылауға мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, суицидологтар, психотерапевттер, практик психологтар, қазақстандық және халықаралық қоғамдық ұйымдар мен институттардың өкілдері қатысты.
13.08.2020

Возврат к списку