Жаңалықтар
Жастар акциясы жалғасты

Жастар акциясы жалғасты

Жастар акциясы жалғасты

Жастар акциясы жалғасты

Jas Otan Жастар қанаты ұйым­дас­тыр­ған «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы әр ауданда жалғасып жатыр. Оның аясында Жаңақорған аудан­­дық филиалының еріктілері адам өміріне араша түсіп жүрген ақ ха­латты абзал жандарға шынайы алғыстарын жеткізіп, арнайы әзір­лен­ген «Денсаулық» себетін тапсырды.

Пандемия кезінде өз өмірлерін қатерге тігіп, талай жанды ажалдан арашалап қалған сала өкілдеріне жастар аты­нан алғыс білдіру шарасына «Авто-лидер» компаниясының жетек­ші­сі, жас кәсіпкер Нұрболат Ибраев қолдау танытты.
 
– Осының алдында Қазалы ауданында өткен шара Жаңақорғанда жалға­сып жатыр. Алда облыс орталығында ұйым­дас­ты­рамыз. Әрине, дерттің дендемеуіне барын салып, әр науқастың өмірі үшін кү­ресіп жүрген дәрі­гер­лерге қандай құр­мет көрсетсек те жарасады. Осы сала өкілдеріне ар­нал­ған шараны өткізуде аймақ еріктілерінің ықы­ла­сы ерекше болып отыр, – дейді Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда об­лыс­тық филиалының төрағасы Әлішер Қар­да­шов.
 
Өздеріне көрсетілген құрметке дәрі­гер­лер де алғысын жеткізіп, індетті ауыз­дықтауға жұмылған жастар бастамасына сәт­тілік тіледі.
21.07.2020

Возврат к списку