Жаңалықтар
Қызылордада ауыл жастары ауруханаға қол ұшын созды

Қызылордада ауыл жастары ауруханаға қол ұшын созды

Қызылордада ауыл жастары ауруханаға қол ұшын созды

Қызылордада ауыл жастары ауруханаға қол ұшын созды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты Дәуімбай елді мекенінде тұратын 70-ке тарта жастар емдеу орнына 21 оттегі баллонын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 
Ауыл жастары коронавирус індетіне қарсы күресте белсенділік танытып келеді. Осылайша одан ем алып жатқан жерлестеріне көмек қолын созды.

Дәуімбай ауылының жастары ортақ шешімге келіп бұл мақсатта арнайы қаржы жинады. Сол қаржыға Мәдениет ауылдық округіндегі ауруханаға 21 оттегі баллонын табыстады. Жастар алдағы уақытта тағы да 100 дана оттегі баллонын алып беруге ниеттеніп отыр. Оттегі баллонын Қызылорда қаласындағы «Квант» мекемесінен толтырып, арнайы көлік жалдап, ауруханаға әкеледі. Сондай-ақ, ауруханадағы таусылған оттегі баллонын қайта толтырып жеткізеді. Сондай-ақ, Сыр өңіріне есімі танымал кәсіпкер, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылындағы емханаға қажетті медициналдық заттарды алу үшін 700 мың теңгеге жуық қаржы бөлді. Дәрігерлер талапқа сай келетін медициналық жабдықтарды енді ауыл тұрғындарын емдеу барысында қолданатын болады.

Сондай-ақ, Сыр өңіріне есімі танымал кәсіпкер, «Абай-Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев Жалағаш ауданындағы Бұқарбай батыр ауылындағы емханаға қажетті медициналдық заттарды алу үшін 700 мың теңгеге жуық қаржы бөлді. Дәрігерлер талапқа сай келетін медициналық жабдықтарды енді ауыл тұрғындарын емдеу барысында қолданатын болады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында дәрігерлерге « Денсаулық себеті « табысталды.
 
 
 
20.07.2020

Возврат к списку