Жаңалықтар
Жақыныңды қорға, бетперде тақ!

Жақыныңды қорға, бетперде тақ!

Жақыныңды қорға, бетперде тақ!

Жақыныңды қорға, бетперде тақ!

Алматыда «Жақыныңды қорға, бетперде тақ» ақпараттық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Әкімшілік қызметкерлерімен волонтерлердің бірлескен жобасы қаладағы халық көп жүретін орындарда ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі – мақсаты адамдарға бейқамдықтан арылып, өзінің және жақындарының өміріне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін жете түсіндіру. Алып шаһарда әлі де ескертулерді ескермей, санитарлық талаптарды сақтамай жүргендер бар. Олардың басым көпшілігі – жастар. Сондықтан да бұл шараны көбіне жастар көбірек жиналатын жерлерде өткізуді ұйғардық дейді ұйымдастырушылар.

Абылайхан Мұстафа, Алмалы ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

– Бұл іс шара – халыққа волонтерлардың тарапынан үндеу. Әлемді бірге қорғайық. Жергілікті адамдар өзінің басқа адамдардың да өміріне жауапты екенін сезіну керек. Және де ең бастысы, бұл дерттің алдында алатын шаралардың бірі ол барлығына мәлім – бетперде тағу. Осы категория бойынша: « Қостанай облыстық мешіті ауруханаларға тыныс алу аппараттарын тарту етті Ақтаудағы дәріханалардың бірі препараттарды шекті бағадан қымбат сатып келген »
 
 
17.07.2020

Возврат к списку