Жаңалықтар
МАХАМБЕТТІК ШАРУАЛАР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

МАХАМБЕТТІК ШАРУАЛАР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

МАХАМБЕТТІК ШАРУАЛАР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

МАХАМБЕТТІК ШАРУАЛАР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Құрғақшылық бел жазбай еңбек еткен Махамбет ауданының диқандарын әбігерге салды. Оның үстіне белуардан бейнет кешіп өсірген өнімінің рахатын көре алмай отыр. Індеген індетке байланысты шегара жабылып, сауда-саттық тоқтап қалды. Десе де, шаруалардың салы суға кеткен жоқ. Үкіметке қол жаймай, бірігіп, егістік алқаптарындағы картоп, қияр, қызнақ басқа да бау-бақша өнімдерін ақ халатты абзал жандарыға табыстап, қолдау көрсетуде. Уақытпен санаспай, ауруханада жанталаса еңбек етіп, қауіпті дерттің бел ортасында жүргендерге берілген заттарды сұрыптау, жинақтау, көлікке тиеу жұмыстарына ерікті жастар да өз үлестерін қосты. Осындай қилы заманда аудан азаматтарының мәрттігіне тәнті болған дәрігерлер қауымы ризашылығын білдірді.

 
17.07.2020

Возврат к списку