Жаңалықтар
Қостанай облысында буктрейлер форматында «100 жаңа оқулық» облыстық конкурсының қорытындысы шығарылды

Конкурс «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ қолдауымен «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қорымен 2020 жылдың 6 сәуірінде облыс жастары арасында жарияланды.

Буктрейлер - бұл ролик-миниатюра, ол кітаптың ең жарқын және танымал сәттерін қамтиды, оның мазмұнын бейнелейді. Байқауға қатысушыларға «100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында аударылған кітаптың буктрейлерін жасау ұсынылды. Қазылар алқасына 26 жұмыс ұсынылды.

Буктрейлерлердің көпшілігі «Интернет психология» және «Әлеуметтік психология» оқулықтарына арналды, сондай-ақ журналистика, менеджмент, философия, тарих және басқа да тақырыптар бойынша оқулықтарға роликтер ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша 3-ші орынды Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері Аққали Айдана мен Максимова Аружан иеленді;
2 орын – Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Жантас Ораз;
1 орынды Рудный қаласындағы Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Жүнісбеков Ахыл иеленді.

Жеңімпаз мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтарға ие болды!
30.04.2020

Возврат к списку