Жаңалықтар
Елжан Біртанов санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кадр даярлау бойынша кеңес өткізді

Елжан Біртанов санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кадр даярлау бойынша кеңес өткізді

Елжан Біртанов санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кадр даярлау бойынша кеңес өткізді

Елжан Біртанов санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кадр даярлау бойынша кеңес өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет үшін кадрларды даярлауды реформалау бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы аталған ведомствоның Telegram-каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Селекторлық режимде өткен кеңеске аталған ведомствоның вице-министрлері, құрылымдық бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары, медициналық ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар директорлары және салаға қатысты өзге де ұйым өкілдері қатысты.

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қызметті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қысқа әрі орта мерзімдерге арналған шараларды ұсынды.

Қысқа мерзімде шаралар аясында бакалавриаттағы 120 түлекті санитарлық дәрігерлікке (эпидемиологтар), қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына және гигиенашылыққа мамандандыру ескерілген. Ол үшін студенттер эпидемиологияның қосымша сағаттарын игеруі тиіс.

Айта кетейік, министрлік қысқа мерзімде эпидемиологиялық қызмет бойынша 300 маманды қайта даярлауды және 9 мың медицина қызметкерінің біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, орта мерзімдегі шаралар аясында үшінші курстан бастап білім беру траекториялары тұрғысында (эпидемиология және гигиена) «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттерінің профилизация шарасы ұсынылды. Бейінді магистратурада эпидемиология, гигиена, денсаулық сақтаудағы менеджмент мамандықтары бойынша даярлау жоспарлануда. Докторантурада ғылыми-педагогикалық кадрларды мақсатты даярлау жалғасады. ⠀

Кеңес барысында республикалық сарапшылар кадрлар даярлауды реформалау және санитарлық-эпидемиологиялық салада қызметкерлердің әлеуетін арттыру бойынша шаралар жоспарын талқылады.
24.04.2020

Возврат к списку