Жаңалықтар
Қостанай облысының жастар ұйымдары Волонтер жылын өткізу және ҰОС Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі жоспарларды талқылады

Қостанай облысының жастар ұйымдары Волонтер жылын өткізу және ҰОС Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі жоспарларды талқылады

Молодежные организации Костанайской области обсудили планы по проведению Года волонтера и празднованию 75-летия Победы в ВОВ

Қостанай облысының жастар ұйымдары Волонтер жылын өткізу және ҰОС Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу жөніндегі жоспарларды талқылады

2020 жылдың 12 наурызында Жастар сарайының конференц-залында Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жоғары оқу орындарының, жастар қоғамдық бірлестіктері және мемлекеттік құрылымдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шараның қатысушыларына student.qazvolunteer.kz сайтындағы өзгерген тіркеу тәртібі туралы мәліметтер айтылып, сонымен қатар, «Әлеуметтік студенттік несие» жобасын жүзеге асыру бойынша жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар берілді. Бұдан басқа Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде жобаларды іске асыру бойынша қоғамдық тыңдау барысында қатысушылар жастар ортасында, оның ішінде еріктілер жылы аясында болатын іс-шаралар мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын атап өту жоспарлары талқыланды.

Осылайша «Соғыс жаңғырығы» жобасы аясында жас еріктілер қатарынан іздеу жасағы ұйымдастырылатын болады. Экспедиция Ресей Федерациясының Волгоград облысы аумағында іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Алдағы айларда Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 110 жылдық мерейтойына арналған ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Бұдан бөлек  «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларын іске асыру аясында жастардың әлеуметтік  маңызы бар іс-шараларды ілгерілету және ұйымдастыру» жобасы бойынша Қостанай облысының жастары үшінөңірдің киелі орындары бойынша Квест ойындары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени объектілері бойынша экспедиция өткізіледі.

«Қостанай облысында волонтерлықты дамыту» жобасы аясында көп ұзамай бастамашы жастар үшін волонтерлік идеялар мен жобаларды іске асыруға арналған 5 шағын грант ойнатылады.

Жыл бойы студенттік қозғалыстарды дамыту, жастар бастамаларын қолдау, жас таланттарды дамыту және қолдау, спортты және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша басқа да көптеген жобалар мен іс- шаралар іске асырылатын болады.

Жалпы, 2020 жылы Қостанай облысында жастар саясатын іске асыруға қаржыландыру 298,2 млн. теңгені құрайды.

Қостанай облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі









13.03.2020

Возврат к списку