Жаңалықтар
COVID 2019: Қазақстан қандай шаралар қолдануда

COVID 2019: Қазақстан қандай шаралар қолдануда

COVID 2019: Қазақстан қандай шаралар қолдануда

COVID 2019: Қазақстан қандай шаралар қолдануда

Сонымен Президенттің пәрменімен биыл Әз Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланбайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ертеңнен бастап ел аумағында бұқаралық іс-шаралар өткізуге толық тыйым салынды. Ал мектеп оқушылары көктемгі демалысқа әдеттегіден ертерек, яғни 16 наурызда шығады. Мұның барлығы – мұқым әлемді әлекке салған коронавирустың алдын алудың қамы.

Ертеңнен бастап елде барлық бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Яғни Әз Наурыз қарсаңында жоспарланған мәдени, спорттық жарыстар, конференциялар мен көрмелер кейінге шегеріледі. Сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру нысандарында және өзге де қоғамдық орындарға күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режим енгізіледі. Бұл әрине елде індеттің таралуына қарсы қабылданған сақтық шаралары.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Коронавирус деген аурудан қорықпау керек, сақтану керек. Сол сақтану жолдарын ойластыруымыз қажет. Қазір 120 мемлекет коронавирустың айналасында жүр. Қазақстанға қатысты көп сұрақтар өткенде қойылды. Осы қабылданған шаралардың арқасында Қазақстанда анықталған жоқ.

Қауіптің алдын алу үшін биыл мектеп оқушылары тоқсанаралық демалысқа әдеттегіден ерте шығады. 16 наурыздан бастап колледж және университет студенттері де білім ордасына келмейді. Барлығы қашықтықтан оқу жүйесіне көшеді.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге баруына тыйым салу, қоғамдық көлікті жуу және дезифекциялау, орта білім орындарының каникулға 2020 жылдың 16 наурызынан 5 сәуір аралығында шығуын қамтамасыз ету сияқты уақытша шаралар қабылданады.

Асхат Аймағанбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

– Жалпы біздің университет үлкен қалаларда орналасқан. Сондықтан барлық жерде техникалық мүмкіндік бар. Және техникалық мүмкіндік қана емес, интернеттің де бүгінгі күнгі жылдамдығы жеткілікті.

Бұдан бөлек, 16 наурыздан бастап еліміздегі барлық кинотеатр жұмысын уақытша тоқтатады. Әзірге спорттық кездесулер қалың көрерменнің қатысуынсыз өте береді.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрі:

– Ведомствааралық комиссияның шешімі бойынша коронавирустың алдын алу шараларының тізіміне бұқаралық спорт шараларын өткізуге тыйым салынды. Онымен қатар спорттық командалардың дайындық шаралары өткізіле береді.

Баспасөз мәслихатында әлемді жайлаған індетті елге кіргізбеуге қатысты атқаралып жатқан бірқатар жұмыс айтылды. Көпшілікке шетел аспақ түгілі, той тойлауды да кейінге шегеруге кеңес берілді. Себебі мұндай жиындар жалғыз сіз емес, мұқым ел ішінде індеттің таралу ошағына айналуы әбден мүмкін. Сондықтан сақтанып, сау жүріңіз дегім келеді.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ғани Алшынбаев
13.03.2020

Возврат к списку