Жаңалықтар
Мемқызметшілер "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысуы мүмкін

Мемқызметшілер "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысуы мүмкін

Мемқызметшілер "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысуы мүмкін

Мемқызметшілер "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысуы мүмкін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова мемлекеттік қызметшілерді "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатыстыруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыға салынды. Құжатты депутаттарға мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова түсіндірді.

Оның айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты - мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Осы орайда агенттік төрайымы "Дипломмен ауылға" жобасын мемлекеттік қызметшілерге қолдануды ұсынды.

"Қазіргі уақытта ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеушілігі бар. Осы жылдың бірінші қаңтарындағы жағдай бойынша ауылдардың кадрлық тапшылығы 1068 адам. Оның ішінде атқарушы деңгейде 936 адамнан астам. Түзетулер ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында ұсынылды", - деді Анар Жайылғанова.

Аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
11.03.2020

Возврат к списку