Жаңалықтар
Абайдың 175 жылдығы: жас өнерпаздар республикалық байқауда бақ сынады

Абайдың 175 жылдығы: жас өнерпаздар республикалық байқауда бақ сынады

Абайдың 175 жылдығы: жас өнерпаздар республикалық байқауда бақ сынады

Абайдың 175 жылдығы: жас өнерпаздар республикалық байқауда бақ сынады

Еліміздің жас өнерпаздары Ақтөбеде өткен «Ұлы дала мұрасы» атты республикалық байқауда бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәстүрге айналған сайыс бұл жолы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылды. Әр аймақтан келген 8 бен 16 жас аралығындағы дарын иелері екі номинация бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, ұлттық аспаптарда ән орындап, ансамбль, оркестр құрамаларында өнер көрсетті. Халық әндері мен күйлерін кеңінен насихаттауды мақсат еткен байқау жас өнерпаздарға кеңнен танымал. Осымен бесінші рет өткізілген сайысқа 300-ге жуық үміткер қатысты. Әсіресе, домбыра, қылқобыз және жетігенде ойнаған қатысушылар қазылар алқасы мен көрермендердің назарын аударды. Ал қорытындысында, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өнерпаздары үздіктердің қатарынан көрініп, сый-сияпатқа ие болды.

Мәдина Қабижанова, А.Жұбанов атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің бас дирижері:

– Оқушылардың деңгейлері өскен. Жеке орындаушыларға қарап отырсаңыз, әрбір балаларымыздың аспаптары қазіргі деңгейдегі сапалы аспаптармен қамтылғанын көріп, қуанып отырмыз. Алдағы мақсаттарымыз – осы конкурсты әлі де болса үлкен деңгейге жеткізу. Жетекшілер бір-бірімен осындай конкурстарға қатысып, тәжірибе алмасса деген тілектеріміз бар.
03.03.2020

Возврат к списку