Жаңалықтар
КӨЗДІҒАРАДАҒЫ ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ

КӨЗДІҒАРАДАҒЫ ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ

КӨЗДІҒАРАДАҒЫ ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ

КӨЗДІҒАРАДАҒЫ ЖАСТАР МЕРЕКЕСІ

Елдің болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты да жастардың бойында патриотизімді қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағыттау болып табылады. Осы орайда биылғы жылды президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы «Волонтер» жылы деп жариялауына орай,  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  Көздіғара елді мекенінде жастарға жігер сыйлаған шара оздырылды. 

Жалпы қазақ табиғатынан үлкенді қадір тұтып, құрметтеген халық. Сондықтан да қазақ қоғамында қарияларға деген қамқорлық қашан да ерекше болған, бұл ретте  жігерлі жастарымыз да үлкенге құрмет көрсетуде «Birqemiz:Qamqor» жалпыұлттық жобасы бойынша ардагер ұстаз үйіне барып, мекен-жайлық көмек көрсетіп, сыртқы жұмыстарына көмек қолын созды. Қарттарын қадірлей білетін жастар үшін бұндай игілікті шаралар үнемі назардан тыс қалмайды.

Ұлттық спорт пен атадан балаға мирас болып келе жатырған ат баптау өнерін насихаттау барысында түс ауа ауылда тай және құнан жарыстары оздырылды. Жалпы Көздіғара ауылы біраз жылдан бері ат баптап, жылқы үйретудің қыр-сырына машықтанған ауыл ретінде аудан бойынша алдыңғы қатарда. Ауылда атқа міну мәдениеті мен атбегілік жақсы дамыған. Ауыл жастары бос уақыттарында ат спорты түрлерін үйреніп және бәйгеге қосатын аттарды баптаумен айналысады.   Тақымы атқа тиген қазақ баласының күшті де шымыр болатыны белгілі. Жүйріктер мен мықтылар бақ сынаған тай жарысы мен құнан жарысында жастар жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар иеленді.




Дала қызықтарынан соң, ауыл жастары, жас мамандар және оқушылардан құралған 5 команда квест ойындарынан бақ сынады. 5 бөлімнен тұратын квест ойындарына белсене қатысқан топтар жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Жеңісұлы күні бойы өткізілген шараларға белсене қатысқан ауыл жастарына алғыс айтып, биылғы волонтерлар жылындағы өткізілетін шараларды бірлесіп атқаруға және аудан жастарының волонтерлары қатарына қосылуға шақырды.


Ауыл жастары атынан Сарой ауылдық округінің жастар комитетінің жетекшісі Мәди Қайров ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, салаутты өмір салтын қалыптастыру және жастарды жан-жақты қолдау мақсатында өткізілген шараға өз алғысын айтып, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істеуге ауыл жастары дайын екенін жеткізді.


Жұлдыз Альпенова
Сырым ауданы, Батыс Қазақстан облысы
25.02.2020

Возврат к списку