Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының амбассадорлары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының амбассадорлары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының амбассадорлары анықталды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының амбассадорлары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Азаматтық алаң» пікірталас алаңының бірінші отырысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы амбассадорларының есімдері жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов министрдің атынан амбассадорларға куәліктер табыс етті. Сонымен «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытының амбассадоры мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков болды. Ал «100 жаңа тұлға» жобасының жеңімпазы, физик Ернұр Рысмағамбетов «100 жаңа тұлға» арнаулы жобасының амбассадоры болса, эктнограф, ұлттық ас мәзірінің сарапшысы Әйгерім Мұсағажинова «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағытының амбассадоры атанды.

«Қазақстанның Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы« ғылыми-зерттеу институты мәдени мұра бөлімінің жетекшісімін. Шамамен 15 жылға жуық уақыт бойы қазақтың ұлттық ас мәзірін зерттеп келеміз. Бүгінде бізде қазақ асханасы тағамның бірнеше түрімен ғана шектеледі делінген стереотип бар. Біздің міндетіміз - қазақ ас мәзірінің өңірлік ерекшеліктерін көрсету және қазақтың ас мәзірін бүкіл әлем білуі үшін брендке айналдыру. «Қазақы ас: дәстүр мен дәм« деп аталатын кітап шығардық. Онда ас дайындау технологиясын көрсете отырып, 50-ге жуық рецепт ұсындық», - деді Әйгерім Мұсағажинова.

Амбассадор атанған өзге де танымал тұлғалар болды. Атап айтқанда, Ұлттық аударма бюросының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы «100 жаңа оқулық» жобасы, кәсіпкер Иван Сауэр «Туған жер» арнаулы бағдарламасы, Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі «Түркі әлемінің генезисі» бағытының амбассадоры атанды.
20.02.2020

Возврат к списку