Жаңалықтар
Қарағандылық оқушылар Абайдың қазынасын насихаттауды қолға алды

Қарағандылық оқушылар Абайдың қазынасын насихаттауды қолға алды

Қарағандылық оқушылар Абайдың қазынасын насихаттауды қолға алды

Қарағандылық оқушылар Абайдың қазынасын насихаттауды қолға алды

Қарағандылық оқушылар һакім Абайдың асыл қазынасын ел арасында кеңінен насихаттауды қолға алды. Бұл жолы олар ұлы ойшылдың шығармаларын қоғамдық көлік ішінде орындап, халықтың ықыласына бөленді.

Ақынның көп өлеңін жұрт жатқа білетін болып шықты. Балалармен қосылып шырқап, көңіл сергітті. Үлкендер жағы жастарға батасын берді. Жолаушыларға тосынсый жасауға автопарк басшылығы да атсалысқан. Бұл күні оқушылар сондай-ақ Абайдың қара сөздері жазылған танымдық плакаттарды автобус ішіне ілді. Ақынның 175 жылдығына арналған шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Тұмар Совет, М. Жұмабаев атындағы №39 гимназияның оқушысы:

- Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназиясында түрлі клубтар ашылды. Оның ішінде еріктілер клубы да ашылды. Осы еріктілер клубының ашылуына байланысты және де Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай біз №2 автопарк жетекшілерінің рұқсатымен осы шараны ұйымдастырдық. Абай Құнанбайұлының қара сөздерін, шығармаларын насихаттау осы шарадағы мақсатымыз.


19.02.2020

Возврат к списку