Жаңалықтар
Елорда тұрғындарына жұмыс күші тапшы аймақтардан бос жұмыс орындары ұсынылуда

20, 21 ақпан күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкенің мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында еліміздің жұмыс күші тапшы аймақтарын еңбекке қабілетті қызметкерлермен қамтамасыз ету. Жәрмеңкеге Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облысының өкілдері қатысады.

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығына 1 659 адам жүгінген. Барлығы 1 266 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 373 жұмыссыз шықса, белсенді қолдау шараларымен 893 адам қамтылды.
18.02.2020

Возврат к списку